«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 315 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 315 бұйрығымен
бекітілген
«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі - ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін аттестат не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 586 қаулысымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа