(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІНІҢ 2014.10.02 № 23 БҰЙ...
Осы редакция 2014 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
6-қосымша
«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) қағаз нысанында не электрондық құжат нысанында лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқалары, немесе қағаз нысанында не электрондық құжат нысанында уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Редакция документа
Демо – версия документа