«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 872 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;
4) автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
5) компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар өндірісі;
6) электр жабдықтары өндірісі;
7) химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
8) резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі;
9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
10) гидравликалық жабдықтар өндірісі;
11) өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен қақпақшалар өндірісі;
12) өзге де шүмектер мен бұрандалар өндірісі;
13) подшипниктер, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтері мен жетектер өндірісі;
Демо – версия документа