Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.18.02 № 183 ҚАУЛЫСЫ

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысы

(2012.28.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.

ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 753 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 18 ақпандағы № 183

қаулысымен бекітілген

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку