(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.01 № 38 БҰЙРЫҒЫНА 1...
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 38 бұйрығына
1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1558 қаулысымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт), аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: адвокаттық қызметпен айналысуға әділет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз жүзінде беріледі.
Комиссияның аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі Стандарттың 1, 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алу рәсімдері (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) өтінішті тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;
3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету басқармасының басшысы қарау;
4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің маманы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізуге өтінішті қарау және хабарлама ресімдеу;
Редакция документа
Демо – версия документа