«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1558 қаулысымен
бекітілген
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттаудан өту қажеттілікке қарай, алайда, тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетілуін күтудің ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз нысанында.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз нысанында беріледі.
Комиссияның аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа