«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 209 бұйрығы (күші жойылды)
«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 209 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9115 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа