«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Прмьер-Министрінің
Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 227 бұйрығына 4-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - Орталық), www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі - лицензия), лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1552 қаулысының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
Документ утратил силу
Демо – версия документа