«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы (күші жойылды)
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа