Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 17 МАУСЫМДАҒЫ № 659 ҚАУЛЫСЫ

Құрлық әскерлерi әскери институтының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 659 Қаулысы

(2011.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 27 ақпандағы № 815 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекітілсiн.

2. ҚР Үкіметінің 2011.26.05.  № 580 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 «Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

И.Тасмағамбетов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 17 маусымдағы

№ 659 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ереже

 

ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді

1. Құрлық әскерлерiнiң әскери институты (бұдан әрi - Әскери Институт) жоғары және орта кәсiптiк әскери білім беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку