(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2014.28.01 № 5-Ө ӨКІМІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 5-ө Өкімі
Осы редакция 2014 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр | С. Ахметов |
Премьер-министрінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 5-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға
тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2014 жылғы ақпан |
Редакция документа
Демо – версия документа