«Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 72-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 72-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 72-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2014 жылғы маусым |
Демо – версия документа