«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71 Қаулысы (2015.27.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71 Қаулысы
(2015.27.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7541 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 18 шілдеде № 402-404 (27478) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда «Заң газеті» газетінде № 85 (2286) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 9-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Документ утратил силу
Демо – версия документа