«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 840 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсіндірменіқараңыз
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа