«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандарын, тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 107 бұйрығы (күші жойылды)
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандарын, тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 107 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдерінің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандары және тізбесі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандары және тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық даму және болжамдау департаменті (Д.А. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Е. Досаев |
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің
2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ 107 бұйрығына
Документ утратил силу
Демо – версия документа