«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген
«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) көрсетілетін
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға бар болуы негіздеме, болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-ші процесс - көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлғаның құжаттарды қабылдауы, тіркеу;
2) 2-ші процесс - көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғаның құжаттарды қарастыру мен тексеру және деректерді ақпараттық жүйеге енгізуі;
3) 3-ші процесс - көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғасымен консулдық есепке қоюы және алып тастауы, дайын құжаттарды беруі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) 1-ші процесс бойынша - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдау туралы өтінішінің көшірмесіне белгі қою;
2) 2-ші процесс бойынша - көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйедегі деректерін өзгерту;
3) 3-ші процесс бойынша - көрсетілетін қызметті алушыны консулдық есепке тұрғызу немесе шығару.
Документ утратил силу
Демо – версия документа