Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің м.а.

2014 жылғы 19 наурыздағы

№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу

және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 2-бабының 4 тармағына сәйкес паспортты ресімдеу бойынша:

1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі;

2-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды тексеруі;

3-ші процесс - құжаттарды тексеру, ресімдеу және дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (ҚР СІМ) одан әрі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (ҚР ІІМ) қарастыру үшін жолдауы.

4-ші процесс - құжаттарды ІІМ-ге жолдауы;

5-ші процесс - ІІМ-нің құжаттарды тексеруі, паспорттарды дайындауы және құжаттарды СІМ-ге жолдауы;

6-ші процесс - СІМ-нің ІІМ-мен алынған құжаттарды тексеруі дайындауы және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку