«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 501 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 501 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен ғылыми қызмет болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұымдастырылатын кәсіпорын мүлкінің есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Демо – версия документа