(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.13.11 № 1445 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 Қаулысы
(2014.25.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 1445 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына:
Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Нығметжан Қойшыбайұлы Мақажанов шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Байтұқбаев Ерлан Ысқақұлы
| - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, хатшы енгізілсін; |
мына:
«
Редакция документа
Демо – версия документа