(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.11 № 1386 ҚАУЛЫСЫ
Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы
(2012.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 831 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.12. № 1551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына
қосымша
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің
құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
Тулеушин Қаныш Аманбайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі; |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
| - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi |
Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi |
Редакция документа
Демо – версия документа