«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығымен 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 9) тармақшасы негізінде, сондай - ақ «Ішкі су мен теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом (бұдан әрі - диплом) беру;
2) мемлекеттік қызметті көрсету дәлелді бас тарту туралы жауапты беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі
іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа