Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 12 наурыздағы

№ 229 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетің қызметті Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - диплом беру күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады;

2) дәлелді бас тартуды беру 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

4) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - диплом не қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку