Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына 3-қосымша) (2014.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 305 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2014 жылғы 27 ақпандағы

№ 85 бұйрығына

3-қосымша

 


«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтарда № 34 қаулысымен бекітілген «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға қабылдау туралы анықтама.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарауы;

3) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен қарауы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции