«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
бекітілген
«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 10 (он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға қабылдау туралы анықтама.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа