«Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 Қаулысы (2019.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 Қаулысы
(2019.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 54 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1-ді құрауға тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 54 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мына:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа