(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.11.06 № 483 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 Қаулысы
(2014.04.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
2) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі;
3) бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі;
4) ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 274 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
6) бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 11 маусымдағы
№ 483 қаулысымен
бекітілген
Тізбе 2014 ж. 4 мамырда берілген өзгерістер және толықтыруларымен
Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің)
тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1. «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамы 100 %
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%
2-1. «Арқа санаторийі» акционерлік қоғамы 100%
2-2. «Арман санаторийі» акционерлік қоғамы 100%;
ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.05. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
3. ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа