(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 4 ШІЛДЕДЕГІ № 674 ҚАУЛЫСЫ
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 674 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қатонқарағай ауданының тұрақты жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінен жалпы алаңы 174,0 га жер учаскесін осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркі» мемлекеттік мекемесінің аумағындағы алаңы 12,0 га жер учаскесін кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа