(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ 1995.25.01 № 90 ҚАУЛЫСЫ
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 Қаулысы
(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) құру туралы Келісімге қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажетті үйлестіру жөніндегі алғашқысының қаражаты есебінен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.
Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзірлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәні бар ұсыныстарды іріктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жіберудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауіпсіздік мүдделері талаптарының сақталуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншіктің қорғалуын қамтамасыз етеді.
2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа