(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.09.07 № 675 ҚАУЛЫСЫ
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 Қаулысы
(2013.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 9 шілдедегі
№ 675 қаулысымен
бекітілген
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1396 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қолданылу аясы
Осы Техникалық регламентті техникалық реттеу объектілері қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 см3 асатын және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ жоғары М1 М2, М3, N1, N2 және N3 санатындағы механикалық көлік құралдары және осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес жіктелетін, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын және пайдаланылатын, сондай-ақ олардың конструкцияларына өзгерістер енгізген (қайта жабдықтаған) кезде және оларды пайдалану (пайдаға асыру) мерзімі аяқталған кезеңде О1, О2, О3 және О4 санатындағы олардың тіркемелері болып табылады.
Осы Техникалық регламенттің әрекеті мынадай:
ең жоғары конструкциялық жылдамдығы кемінде 25 км/сағ болатын ақырын жүретін;
Қазақстан Республикасының аумағына кемінде алты ай мерзімге әкелінетін немесе олар иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын;
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған;
Редакция документа
Демо – версия документа