(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.21.05 № 507 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 218-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасында:
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің (заңды тұлғалар үшін);».
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысында:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару»;»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;»;
3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа