(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.03.08 № 1021 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
К. Мәсiмов |
Үкiметiнiң
2012 жылғы 3 тамыздағы
№ 1021 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтыру
1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:
40-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
«41-1. Депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлер берілгеннен кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде депозитке беру объектісінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийінде тіркелгені туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама береді.».
2. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа