«Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1012 бұйрығы (күші жойылды)
Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1012 бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Электрондық құжат айналымы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы қағидасының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалылығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын, сондай-ақ оның мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналасуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа