(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚРҮКІМЕТІНІҢ 2011.27.06 № 715 ҚАУЛЫСЫ
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 Қаулысы
(2013.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 715 қаулысымен
бекітілген
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.22.01. № 25 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған әрі аттестаттау жүргізудің және шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.22.01. № 25 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа