Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 239 Қаулысы (күші жойылды)

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 239 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 14 наурыздағы

№ 239 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттарды қабылдау Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

2) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезінде - бір жылға дейін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку