(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.12.12 № 1329 ҚАУЛЫСЫ
«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 Қаулысы
(2014.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.11.03. № 208-1 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2014 жылға мынадай:
1) кірістер - 5698070830 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 3938400348 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 75094992 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15954370 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1668621120 мың теңге;
2) шығындар - 6480794855 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 43692659 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 118050140 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 74357481 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 132232370 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 133482370 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1250000 мың теңге;
5) тапшылық - - 958649054 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне қатысты 2,5 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 958649054 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
Редакция документа
Демо – версия документа