Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИН. 2006.18.07 № 265 БҰЙРЫҒЫ

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығы

(2010.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы 18 шілдедегі

№ 265 бұйрығымен бекітілген

 

 

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды

аккредиттеу ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарына (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтық өкілеттігін ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.

 

 

2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі

 

ҚР Қаржы министрінің 2010.23.07. № 371 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:

1) қағаз тасығыштарда:

осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку