Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы (күші жойылды)

«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 12-тармағын, 15-тармағының екінші бөлігін, 174-тармағын және 177-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 14 сәуірдегі

№ 353 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 15 мамырдағы

№ 623 қаулысымен бекітілген

 

 

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу

қағидалары

 

Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку