(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.21.07 № 305-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ |
|
|
Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындалған күн - машинаналар мен жабдықтардың өндіріс процесі аяқталған күн;
2) жабдықтар - машинаға орнатылатын және машиналардың негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшін, сондай-ақ оларды біртұтас кешенге біріктіру үшін қажетті техникалық құрылғы;
3) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, машиналар мен жабдықтардың адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік деңгейінен асатын қатер;
4) жол берілетін қатер деңгейі - машиналар мен жабдықтардың техникалық регламенттерде және жобалау құжаттамасында белгіленген қауіпсіздік деңгейі;
5) қауіпті аймақ - адам өмірі мен денсаулығына зақым келтіретін қатері бар, машина ішіндегі немесе оның айналасындағы аймақ;
6) қауіпті машиналар мен жабдықтар - адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіп төндіретін және осы Заң мен техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес деп танылған машиналар мен жабдықтар;
Редакция документа
Демо – версия документа