(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2009.25.09 № 91 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 Қаулысы
(2012.24.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің банк клиентінің халықаралық стандарттарға негізделген банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымын пайдалануға тиімді көшуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, 2009 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Редакция документа
Демо – версия документа