Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.28.10 № 1116 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 Қаулысы

(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 19.01.2007 ж. № 39 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 926 (бұр.ред.қара) қаулысымен алынып тасталды

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 342-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку