(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.03 № 309 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 309 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Газды жағуға рұқсат беруді (рұқсат беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидада көзделген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушы газды жағуға рұқсат беру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағиданың 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген құжаттармен бірге осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес өтінім береді.».
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдардағы келісу мерзімі құжаттар түскен сәттен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.».
Редакция документа
Демо – версия документа