(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2010.22.05 № 277-ІV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Сыртқы барлау туралы
(2013.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау ақпараты - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынатын және (немесе) пайдаланылатын ақпарат;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы барлауы - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын жария және жария емес барлау, ұйымдастыру және басқару шараларының жүйесі;
3) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне орай барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану, сондай-ақ мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
2-бап. Сыртқы барлау субъектілері
1. Сыртқы барлау субъектілеріне:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - сыртқы барлау органы);
2) осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
3) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жатады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа