Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 36 бұйрығы

«Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 36 бұйрығы

 

«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген).

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі бекітілсін»

Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку