(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2013.26.12 № 253 ӨКІМІ
Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жургізу жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі
Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде заңнамаға тексеру жүргізуді жүзеге асырсын және кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жағдайларын жақсарту мен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын ретке келтіруге бағытталған ұсыныстар әзірлесін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Президентінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 253 өкіміне
ҚОСЫМША
Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссияның
құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Әбдірақымов Ғабидолла Рахматуллаұлы
| - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Донақов Талғат Советбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Редакция документа
Демо – версия документа