(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011.30.09 № 155 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы
(2013.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2013.19.02. № 505 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2013.19.02. № 505 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамалары;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидалары бекітілсін.
ҚР Президентінің 2013.19.02. № 505 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа