Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 Қаулысы (2015.25.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 Қаулысы

(2015.25.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 325 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) аукцион - тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) аукцион залы - аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) аукцион нөмірі - қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;»;

5), 24), 25) тармақшалар алынып тасталсын;

8-тармақта:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;»;

16-1) тармақша алынып тасталсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру;»;

12-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции