(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.05.03 № 198 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
195-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 60, 62-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):»;
2) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа