2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Астана қ., 2014 жылғы 14 желтоқсанда) (2014.13.12. берілген өзгерістермен)
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы
ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(Астана қ., 2014 жылғы 14 желтоқсанда)
(2014.13.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 447 Қаулысымен бекітілді
2015 жылғы 7 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 45-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
ҚР Үкіметінің 2014.13.12. № 1316 Қаулысымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жасылсын:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталықтың жалпы ауданы 5,60 ш. км құрайды, оның ішінде қазақстандық бөліктің ауданы 2,17 ш. км қытай бөлігінің ауданы 3,43 ш. км.».
3) ҚР Үкіметінің 2014.13.12. № 1316 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап
Тауарларды (жүктердi) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезiнде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиiстi ережелерi сақталуы тиiс. Орталыққа/Орталықтан өткiзiлетiн тауарларға (жүктерге) қатысты кедендiк рәсiмдердi жүргізу аптасына жеті күн қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңiл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейiн) үшiн кедендiк рәсiмдердi жүргiзу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.
Орталық аумағының шегінде адамдар, тауарлар (жүктер) және көлік құралдары еркін өтеді.
Демо – версия документа