(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2005.04.07 ҚР ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАС...
Осы редакция 2014 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоба
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы
ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 218 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 45-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жасылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталықтың жалпы ауданы 5,60 ш. км құрайды, оның ішінде қазақстандық бөліктің ауданы 2,17 ш. км қытай бөлігінің ауданы 3,43 ш. км.».
3) 7-баптағы «екі» деген сөз алынып тасталсын;
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап
Тауарлардың (жүктердің) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезінде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиісті ережелері сақталуы тиіс. Орталыққа/Орталықтан өткізілетін тауарларға (жүктерге) қатысты кедендік рәсімдерді жүргізу күндізгі уақытта сегіз сағаттық жұмыс күні қағидаты бойынша аптасына жеті күн жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңіл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейін) үшін кедендік рәсімдерді жүргізу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.
Орталық аумағының шегінде адамдар, тауарлар (жүктер) және көлік құралдары еркін өтеді.
Орталықтың жұмыс режимі:
Редакция документа
Демо – версия документа