Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 5 наурыздағы

№ 180 қаулысымен

бекітілген

 


«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші - www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

қайта ресімделген лицензия беру - 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі - лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку